Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Hatay °C
Profesyonel Emlak

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
REKLAM ALANI
15.07.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

2022 жылғы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтті. Іс-шараға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

 

Мемлекет басшысы еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

– Инфляция бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті. Бірінші жартыжылдықта экономикамыз қалпына келді. Бірақ халықаралық институттар Қазақстанның ішкі жалпы өнімі биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар өсім 3,7 пайыз болатынын айтқан еді. Сондықтан Үкімет ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Ең бастысы, азаматтардың нақты табысын арттыру қажет, – деді Президент.

 

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

 

Мемлекет басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың және Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың баяндамаларын тыңдап, Үкімет жұмысының нәтижесіне орташа баға берді.

Президент министрлер мен әкімдерге, ведомстволар мен ұлттық компаниялардың басшыларына жұмыс қарқынын барынша күшейтіп, жаңа әдістер мен тың идеяларды пайдалану қажет екенін айтты. Сонымен қатар оларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

 

Жиын барысында Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасады.

 

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ukimettin-keneytilgen-otyrysyn-otkizdi-1462148

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.