Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Hatay °C
Profesyonel Emlak

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті
REKLAM ALANI
07.03.2022
A+
A-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті
2022 жылғы 07 наурыз
Германия тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары Украинадағы ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Франк-Вальтер Штайнмайер Ресей басшылығының Украинаға қарсы әскери іс-қимыл бастау жөніндегі күтпеген шешімінің себептеріне қатысты Еуропа одағының белгілі ұстанымын жеткізді. Әскери іс-қимылдар бұл елді гуманитарлық апатқа алып келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл мемлекеттің БҰҰ Жарғысындағы нормалар мен қағидаттарды берік ұстануға тиіс екенін айтты.

Президент Украина дағдарысын өте ауыр деп санайды. Сондықтан бейбіт тұрғындардың бұдан былай жапа шекпеуі және Украина аумағындағы азаматтық инфрақұрылымның толық қирауына жол бермеу үшін қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта оларды көзделген жерге көлікпен жеткізу жолдары қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі 435 азаматымызды өз Отанына және 650-ден астам адамды Еуропа елдеріне эвакуациялауға қол ұшын берді.

Президенттер Украина проблемасы бойынша өзара байланыс жасап тұруға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер екі елдің қарым-қатынастары тұрақты түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Бұған Қазақстан Президентінің 2019 жылы желтоқсанда Германияға жасаған ресми сапары септігін тигізді.

Мемлекетіміздің басшысы Германия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Франк-Вальтер Штайнмайер шақыруды ризашылықпен қабыл алды.

Әңгімелесу соңында Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанды жаңғырту саясатын қолдайтынын және әріптесінің саяси және экономикалық реформалар арқылы алға ілгерілеу ниетін құптайтынын айтты.

Кері қайту Кері қайту

 

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-germaniya-prezidenti-frank-valter-shtaynmayermen-telefon-arkyly-soylesti-725313

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.