Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Hatay °C
Profesyonel Emlak

Президент Қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

Президент Қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
REKLAM ALANI
20.05.2023
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

2023 жылғы

ҚХР, Сиань қаласы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай мен газ өндіру, өңдеу және тасымалдау, мұнай химиясы, энергетика, жаңартылатын энергия көздері, металлургия, телекоммуникация, қаржы-банк қызметі және инвестиция салалары бойынша жұмыс істейтін Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізді.

 

China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасын Дай Хоулянмен кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық және мұнай мен газды тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері талқыланды.

Президентке CNPC компаниясының Қазақстан тарапымен өзара іс-әрекеттерді нығайту жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу мүмкіндіктерін күшейту және басқа да мәселелер қарастырылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

 

Мемлекет басшысы State Power Investment Corporation компаниясының басқарма төрағасы Цянь Чжиминьмен кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқылады.

Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының қатарына кіретін State Power Investment Corporation Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы жобаларына белсенді түрде инвестиция құяды.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ауқымды жел электр станциясын салу жөніндегі бастамасын қолдады. Президентке State Power Investment Corporation компаниясының Қазақстанда жел электр станцияларына арналған құрал-жабдық өндірісін іске қосу ниеті туралы мәлімет берілді.

Өз кезегінде Цянь Чжиминь әлеуметтік жауапкершілік аясында оның компаниясы Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 200 ГКаллға дейін жететін жылу станциясын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

 

Сонымен қатар кездесуде State Power Investment Corporation компаниясының технологиялық және ғылыми-зерттеу тәжірибесі мол екені ескеріліп, «жасыл» сутегі өндірісі саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

 

CITIC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжу Хэсинмен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысына бүгін CITIC компаниясы энергетика және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру үшін қазақстандық әріптестерімен бес коммерциялық құжатқа қол қойғаны туралы мәлімет берілді. Келісімдердің жалпы көлемі 1,6 миллиард доллардан асады.

Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group компаниясы Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі екенін атап өтіп, кәсіпорынға табыс тіледі.

 

China Nonferrous Metal Mining компаниясының бас директоры Чжан Цзиньцзюньмен әңгімелесу барысында тау-кен металлургиясы және шикізатты терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қытайлық компанияның KAZ Minerals кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстанда мыс балқыту зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы мұндай ірі жобаларды іске асыру елдеріміз арасындағы табысты серіктестіктің нәтижесі екенін атап өтті.

 

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньмен әңгімелесу барысында қаржы институтының Қазақстандағы қызметін дамытуға қатысты алдағы жоспары талқыланды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев банкпен арадағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, 2015 жылы еліміз Қытайдың осы банкті құру жөніндегі бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдағанын айтты. Осы уақыт аралығында АИИБ Қазақстанда жасыл энергетика саласына және пандемия салдарымен күреске қатысты жобаларды жүзеге асыруға атсалысты.

Кездесуде Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды.

 

 

 

 

Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуамен кездесу барысында Президентке телекоммуникация саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірінің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қатысты алдағы жоспары таныстырылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Huawei» мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының теміржол желісін цифрландыру және жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

 

Лян Хуа «Huawei» компаниясы кең жолақты қолжетімді интернетті дамытуға және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуына қатысты зерттеулерді қаржыландырғанын айтты.

 

Мемлекет басшысы «Huawei» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының базасында IT-технология саласы бойынша білікті қазақстандық мамандарды даярлау жөніндегі жобаны жүзеге асыруды құптады.

 

Sun Seven Stars Investment Group компаниясының басқарма төрағасы У Чжэнмен кездесу барысында қаржы, цифрландыру және онлайн-сауда салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Sun Seven Stars Investment Group инвестициялық тобы – Қытайдағы ең ірі жеке медиа және инвестициялық конгломераттардың бірі.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-kytay-kompaniyalarynyn-basshylarymen-birkatar-kezdesu-otkizdi-184519

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.